ШҚО-да мұнай базасының аумағында 2 көлік өртеніп кетті

Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр

ШҚО-да мұнай базасының аумағында 2 көлік өртеніп кетті
Видеодан алынған кадр

Өрт сөндірушілер жанармай таситын көліктерде шыққан өртті жойды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, ШҚО-да Алтай ауданында мұнай базасының аумағында бокста 2 бензин тасығыш өртенген. Оқиға орнына барған өрт сөндіру бөлімшелері 19 шаршы метр аумақта өртті жедел түрде жойды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр.