Ақтөбедегі эвакуациялық пункт орналасқан мектептерде оқу процесі қайта жанданады

Бұған дейін Оқу ағарту министрлігі, төтенше жағдай жарияланған облыстарда, тоқсандық жиынтық бағалау емтихандары болмайтынын хабарлады

Ақтөбедегі эвакуациялық пункт орналасқан мектептерде оқу процесі қайта жанданады
24.kz
647

Тасқыннан зардап шеккендер, колледжер жатақханасына көшеді, деп жазады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін мектеп оқушылары онлайн форматта оқыды. Әзірге Ырғыз ауданындағы 3 мектеп, қашықтан оқытуды жалғастырады. Себебі Мамыр мен Нұра ауылына қауіп төніп, тұрғындары Ырғыз ауылына көшірілді. Ал Ойылдың Екпетал мен Қаратал ауылының балалары аудан орталығында білім алып жатыр.

Биылғы түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге тыңғылықты дайындалуы үшін Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа жайғастырылды.

Бұған дейін Оқу ағарту министрлігі, төтенше жағдай жарияланған облыстарда, тоқсандық жиынтық бағалау емтихандары болмайтынын хабарлады.

Ақтөбе қаласындағы 15 пунктті босату жұмыстары жүргізіледі осы сенбі-жексенбі күндері. Дезинфекция жұмыстары аяқталғаннан кейін олардың барлығы да оқу процесі штаттық түрде жүзеге асырылады. Бірінші күннен бастап қайтадан оқушыларға білім берілетін болады, - деді облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбек.

Серіктес жаңалықтары