сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізді

/
airastana
Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырды

Мазмұны

    Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

    Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек, - деп хабарлады компаниядан.

    Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.

    Бөлісу: