Италия Digital nomad визасын енгізді: оны кімдер ала алады?

Осы уақытқа дейін цифрлық көшпенділердің Италияда ұзақ мерзімді перспективада заңды түрде жұмыс істеу мүмкіндігі болған жоқ еді.

Италия Digital nomad визасын енгізді: оны кімдер ала алады?
сурет: iStock

Италия digital nomad визасын іске қосты. Бұл туралы euronews.com жазды.

Италия әлемдегі ең керемет демалыс орындарының бірі саналады. Қазір қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан елді цифрлық көшпенділердің, яғни өз елінен тыс жерде жұмыс істейтіндердің сүйікті мекеніне айналып отыр.

Осы уақытқа дейін цифрлық көшпенділердің Италияда ұзақ мерзімді перспективада заңды түрде жұмыс істеу мүмкіндігі болған жоқ еді.

Алайда, 2022 жылғы 28 наурызда Италия заңы бойынша қашықтан жұмыс істейтіндерге арналған жаңа визаны енгізу туралы шешімге қол қойылды, ол 4 сәуірден бастап күшіне енді.