Шымкентте «Cola» сусынының құрамынан 90 литрден астам еріген есірткі табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды.

Шымкентте «Cola» сусынының құрамынан 90 литрден астам еріген есірткі табылды
Сурет: ҰҚК

Шымкентте ауыр жүк көлігін тексеру барысында «Cola» сусынында еріген 90 литрден астам есірткі  бары анықталып, тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Сараптама нәтижесінде сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80%-дан асатыны анықталды.

"Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.