818
Димаш Құдайберген тасқынға тосқауыл қойып жүрген сарбаздармен кездесті
Димаш Құдайберген ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді.
Бүгінде ұландықтар елдегі күрделі жағдайға байланысты күн-түн демей халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күресіп жатыр. Осы орайда, барша әлемді тамсандырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне өз алғысын білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
– Қазіргі уақытта ұландықтардың атқарып жатқан еңбегі орасан зор. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін барын салып қызмет атқару – ол да бір ерлік десем артық айтқаным емес. Ұландықтардың бұл ерлігі ел есінде сақталады, – деді Димаш Құдайберген.
Естеріңізде болса, Қазақстанның Халық әртісі бұған дейін туған жері Ақтөбеге сапар жасап, қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударғаны жайлы жазғанбыз.