Сілкініс Алматы уақытымен 19 сағат 56 минут шамасында сезілген, деп хабарлады turkystan.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 488 км жерде) орналасқан. MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде, ал Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Кеген ауылында 3 балл дәрежесінде сезілген.