Қырғызстан Республикасынан келген гуманитарлық көмекті Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері күтіп алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлім етті.
8 сәуірде Ақтөбе облысына Қырғызстан Республикасынан гуманитарлық көмек келді. Оны Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері күтіп алды. Вице-министр Серік Төленбергенов пен Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамыркановпен кездесті, - деді Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.