Париж-2024: Назым Қызайбай лицензиялық турнирге жолдама алды

Таиландтағы іріктеу сынына Назым Қызайбай аттанады.

Париж-2024: Назым Қызайбай лицензиялық турнирге жолдама алды
olympic.kz

Бокстан Астанада өтіп жатқан іріктеу турнирінде әйелдер арасындағы 50 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

50 келі салмақта Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова Таиландтағы іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігін сарапқа салған еді. 

Аталған жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жеңіске жетті. 

Осылайша, Таиландтағы іріктеу сынына Назым Қызайбай аттанады.