Республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінен су өткен

Республикалық маңызы бар автожолдарға 253 техника мен 470 адам жұмылдырылды

Республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінен су өткен
701

Судың жолдан өтуі 5 облыста тіркелді (Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары).

Бүгінгі таңда республикалық автожолдар бойынша 396 су тасқыны қаупі бар учаске, 68 көпір және 650 су өткізу құбыры анықталды. Су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау үшін барлық өңірде қажетті инертті және басқа да материалдар дайындалды. Қазіргі уақытта 100 мың текше метр құм, 40 мың текше метр қоқыс тас, 325 мың текше метр қиыршық тас, 75 мың текше метр ПГС және 150 мың дана қап дайындалды, - деді ОКҚ брифингінде ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жұмыстары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев.

Оның айтуынша, еріген суды өткізу және автожолдарды күтіп ұстау учаскелерінде судың толып кетуін болдырмау үшін су өткізу құбырларын 100% тазарту жұмыстары жүргізілген. Республикалық маңызы бар автожолдарға 253 техника мен 470 адам жұмылдырылды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру автожолдарды ұстауға бөлінген қаражат шеңберінде көзделген. Елді мекендерді су басуға жол бермеу үшін ЖАО-мен бірлесіп, еріген суды үлкен көлемде өткізуге арналған жол төсемі мәжбүрлі түрде жарылады.

Серіктес жаңалықтары