Алматы облысында 5 ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды

Алматы облысында 5 ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
Ашық дереккөз
980

Алматы облысында 2023 жылдың қараша айында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

LIDER.KZ инста-парақшасының мәліметінше, 1986 жылы туған Жүнісбаев Ғани Асқарұлы 2023 жылдың 18 қараша күні жоғалып кеткен. Кешке қарай Тамғалы тас жолындағы фазенда аумағынан шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

Белгілері: бойы – 165-170 сантиметр, арық денелі, қара өңді, шашы қысқа, көзі қоңыр.

Ер адамның денесі Іле өзенінен табылған. Мәйіт ағыс бойымен төмендеп кеткен. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.

Серіктес жаңалықтары