Елордалық өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды

Пәтердегі өрт кезінде үй заттары мен жиһаздар жанып кеткен.

Елордалық өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды
Видеодан алынған скриншот

Астана қаласының Қарасай батыр көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер қарт әйел мен ер адамды құтқарып, одан әрі тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Өрт сөндірілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 19 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.