Төреғали Төреәлі өз өмірі жайлы фильм түсіретінін айтты

Фильм комедия жанрында болады.

Төреғали Төреәлі өз өмірі жайлы фильм түсіретінін айтты
әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Әнші Төреғали Төреәлі өз өмірі жайлы фильм түсіретінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бұл туралы Revue News бағдарламасында айтты.

«Алматыға алғаш келгенде оқыған салам. Негізгі мамандағын – актерлік. Сондықтан бұл саладан кете алмаймын. Алла қаласа, жақында фильм жоспарлап жатырмыз. Комедия жанры болатын шығар. Біздің қазақта комедиясыз болмайды ғой. Өзім ойнаймын. Халыққа қызық болатын шығар. Өзімнің басымнан өткен оқиғалар», – деді Төреғали Төреәлі.