Жұмыс пен жеке өмір үйлесім тапқан 10 ел

Жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі көбінесе салауатты өмір салтынан бастап психологиялық әл-ауқатқа дейінгі барлық нәрсенің кілті ретінде қарастырылады.

Жұмыс пен жеке өмір үйлесім тапқан 10 ел
сурет: peoplematters.in

Жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі көбінесе салауатты өмір салтынан бастап психологиялық әл-ауқатқа дейінгі барлық нәрсенің кілті ретінде қарастырылады. Қай елдерде жұмыс пен өмір ең жақсы үйлескенін білу үшін Remote HR-tech компаниясының 2023 жылғы жаһандық өмір мен жұмыс балансының индексін оқып көруге болады, деп жазады bbc.com.

Рейтингті әзірлеуде заңмен белгіленген жыл сайынғы демалыс, заңмен белгіленген денсаулық бойынша жәрдемақылардың ең төменгі пайызы және ақылы декреттік демалыс сомасы сияқты аспектілерді ескереді.

Осылайша, мына 10 ел үздік деп танылған:

1. Жаңа Зеландия
2. Испания
3. Франция
4. Австралия
5. Дания
6. Норвегия
7. Нидерланд
8. Ұлыбритания
9. Канада
10. Бразилия

Сондай-ақ ЭЫДҰ-ның жұмыс пен өмір арасындағы тепе-теңдік деректері де зерттелген, онда қызметкерлердің қанша сағат жұмыс істейтіні және оның 22 мүше елінде адамдардың бос уақыты мен жеке күтіміне қанша уақыт бөлетіні талданады.