Спорттық гимнастика: Түркиядағы халықаралық турнирде ел қоржынына 2 медаль түсті

Гимнастикалық ат снарядында Нариман Курбанов күміс медаль жеңіп алды.

Спорттық гимнастика: Түркиядағы халықаралық турнирде ел қоржынына 2 медаль түсті
olympic.kz

Түркияның Анталья қаласында өткен  Challenge Cup санатындағы турнирде Қазақстан құрамасының мүшелері екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Гимнастикалық ат снарядында Нариман Курбанов күміс медаль жеңіп алды. Ол өзінің басты қарсыласы - иорданиялық Ахмад Әбу әл-Саудқа ғана есе жіберді. 

Тағы бір спортшымыз  Зейнолла Ыдырысов украиналық атлетпен бірдей ұпай жинаған. Алайда, бағдарламаның қиындығы жөнінен қола медаль қарсыласқа берілді. 

Ал қол тіреп секіруден Аслан Салимов топ жарды. Ол 14.300 ұпаймен жеңіске жетті. Бұл жас спортшының әлемдік жарыстардағы тырнақалды жеңісі.