Сәуір айында ауа райы қандай болады?

Сәуір айында жауын – шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп болады.

Сәуір айында ауа райы қандай болады?
almaty-akshamy.kz
832

«Қазгидромет» синоптиктері сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Сәуір айында Қазақстанның барлық аумағында бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде.

Сәуір айында жауын – шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Түркістан облыстарының солтүстік-шығысында және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында  норма шамасында болжанады.

«Бір ай ішінде Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың әсерінен ауа райының тұрақсыздығы басым болады. Желдің күшеюі 15-20 м/с, жекелеген күндері екпіні 23-28 м/с дейін (батыста және оңтүстікте шаңды дауылмен), республика бойынша найзағай, бұршақ болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Сәуір айының бірінші онкүндігінің басында және екінші жартысында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

«Түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде күтіледі. 3, 10 сәуірде Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, 8-9 сәуірде орталық және оңтүстік - шығысында (Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстары), 9 сәуірде Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Республика бойынша тұман, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады деп күтілуде. Жауын-шашынның тоқтауы елдің батысында онкүндіктің басында, республиканың басым бөлігінде онкүндіктің ортасында күтіледі», - делінген хабарламада.

Онкүндіктің алғашқы күндерінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

«Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында түнде -2-7°С дейін, күндіз +3+8°С дейін, 4 сәуірден бастап ауа температурасы түнде 0+5°С, күндіз +12+20°С дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температуралық фонның түнде -2-7°С дейін, күндіз +5+12°С дейін қайта төмендеуі болжанады», - делінген хабарламада.

Сәуір айының басында елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -5+3°С дейін, күндіз +5+15°С дейін төмендейді, кейін түнде +3+10°С дейін, күндіз +13+23°С дейін жоғарылайды деп болжануда.

«Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -3+5°С дейін, күндіз +7+15°С дейін төмендеуі болжанады. Қазақстанның батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде +2+9°С, күндіз +13+20°С құрайды», - делінген хабарламада.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен температуралық фон жоғарылайды.

«Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+25°С дейін, оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында түнде +7+13°С дейін, күндіз +17 + 27°С дейін жоғарылайды», - делінген хабарламада.

Алайда, суық ауа райының қайталануы болжанады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы Ресей аумағынан суық ауа массаларының ағуы кезінде термометрлердің бағандары түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз +6+11°С-қа дейін, оңтүстік аймақтарда және елдің батысында түнде -2+7°С-қа дейін, күндіз +10+18°С -ге дейін төмендеуі мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары