Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды

Пожаревац қаласында тау велосипедінен халықаралық турнирі өтті.

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
olympic.kz

Сербияның Пожаревац қаласында тау велосипедінен SERBIA EPIC ŠKODA POŽAREVAC XCO халықаралық турнирі өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Prosports.kz сайтының дерегінше, әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Алина Сарқұлова күміс жүлдені жеңіп алды.

1. Вираг Бузаки (Венгрия) - 1:27:30

2. Алина Сарқұлова (Қазақстан) - 1:30:06

3. Мария Шерстюк (Украина) - 1:32:40

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Денис Сергиенко 5-орынға, Егор Карасев 7-орынға, Алексей Фефелев 9-орынға табан тіреді.