Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы Францияда өткен жарыста 3 медаль жеңіп алды

Спортшы аталған жарыста екі күміс, бір қола жүлдеге ие болды.

Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы Францияда өткен жарыста 3 медаль жеңіп алды
kazgymfederation
893

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды.

Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық Айбота Ертайқызы аталған жарыста екі күміс, бір қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық гимнаст шығыршықпен жаттығудан 32.7 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ доппен жаттығудан (32.4 балл) үздік үштікті түйіндеді. Айбота сонымен қатар таспамен жаттығу финалында екінші орыннан көрінді.

 

Серіктес жаңалықтары