Аида Балаева: Төтенше жағдайға қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі төтенше жағдай орын алуда

Аида Балаева: Төтенше жағдайға қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады
tengrinews.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында су тасқынына қатысты арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар тарап жатқанын жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі төтенше жағдай орын алуда. Бұл ретте әлеуметтік желілерде оқиға орнынан нақты ақпарат қана емес, арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар да тарап жатыр.

Кейбір азаматтар ақпараттың шынайылығын тексермей, таратып жібереді. Бұл онсыз да су тасқынының бел ортасында апатпен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қиындата түседі. Бұл техникалық құралдардың тапшылығы жағдайында тиімді жұмысқа орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан ақпарат тарату кезінде оның дұрыстығына көз жеткізуге шақырамыз.

Жалған ақпарат таралуына жол берілмейді, кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылады», - деп жазды министр.