Петропавлда жолға жатып алған әйелді көлік қағып кетті

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды

Петропавлда жолға жатып алған әйелді көлік қағып кетті
Куәгерлер түсірген фото
2826

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде әйел көлік астына түсіп мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған.

Бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті.  

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған. 

«Ауди» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты.

Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады. 

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, - делінген баспасөз хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары