Абай облысында немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды

Олар елді мекеннен 25 км қашықтықта іздеу-құтқару жұмыстары барысында табылған

Абай облысында немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды
ТЖМ

Бүгін таңертең Абай облысының құтқарушылары 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар елді мекеннен 25 км қашықтықта іздеу-құтқару жұмыстары барысында табылған.

Тікұшақ ауаға көтерілді. Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.