789
Мемлекет басшысы бүгін су тасқынына қатысты жиын өткізеді
Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.
Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады.