Павлодарда әйел адам жоғалып кетті

Ол ешбір камераға түспеген.

Павлодарда әйел адам жоғалып кетті
Polisia.kz

Павлодарда әйел адам жоғалып кетті, деп хабаралды turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Vita ұйымына жас әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен. 

«Ол 28 наурызда таңғы сағат 5-те әкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласына Павлодар қаласынан келген. Уақытты жоғалтпай, бірден  шығып кеткен мекенжайға келіп, іздеуге кірісті. Еріктілер оның туыстарымен сөйлесіп, дүкен камераларын қарады», – дейді ұйымда. 

Алайда ол ешбір камераға түспеген.  

«Егер Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдар болса, еріктілердің келесі нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі), +7 (747) 615 55 63 Катерина (ватсап)», - делінген хабарламада.