Көкшетауда төтенше жағдай режимі жарияланды

Көкшетау қаласының әкімі халыққа үндеуінде жағдайды тұрақтандыру үшін осы шешім қабылданғанын айтты.

Көкшетауда төтенше жағдай режимі жарияланды
Ақмола облысының әкімдігі
939

Көкшетауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің қалыптан тыс көтерілуіне байланысты күрделі су тасқыны жағдайына байланысты, соның нәтижесінде тұрғындардың тұрмыстық жағдайы бұзылып, Көкшетау қаласында жергілікті маңызы бар ТЖ режимі жарияланды.

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса халыққа үндеуінде жағдайды тұрақтандыру үшін осы шешім қабылданғанын айтты.

«ТЖ шеңберінде барлық шығындар бағаланып, оларды өтеу жөніндегі мәселелер комиссиялық түрде шешілетін болады. ТЖ салдарын жою жөніндегі штаб құрылды, су басу аймағында тұратын тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. 29 наурыздағы жағдай бойынша жүзге жуық адам дайындалған орындарға орналастырылды. Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі. Жерлестеріме жағдайды түсінгендері және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін», - делінген қала әкімінің үндеуінде.

Айта кетсек, бүгін Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1 қабаты су астында қалды.    

 

 

 

Серіктес жаңалықтары