Ақтөбе облысындағы бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бүгін Ойыл ауданында да тасқын қаупі күшейгендіктен, төтенше жағдай жариялады.

Ақтөбе облысындағы бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды
ТЖМ

Ақтөбе облысынада Қобда, Мұғалжар, Теміртау аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

Бүгін Ойыл ауданында да тасқын қаупі күшейгендіктен, төтенше жағдай жарияланды. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуді сұрап отыр.

- Көктемгі су тасқыны ауданға үлкен қиыншылық туғызып отыр. Осыған байланысты аудан бойынша бүгіннен бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі кезде Екпетал ауылын толық су басты. Қаратал, Қарасу, Амангелді, Қарасу, Көптоғай ауылдарына үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан барлық аталған елдімекен тұрғындарынан қауіпсіз аймаққа шығуларыңызды сұраймыз. Ең бастысы - адам өмірі. Қазіргі уақытта Берсиев, Саралжын, Қайыңды, Ойыл ауылдық округтерінде электр жарығы жоқ. Сонымен қатар ауданаралық жол қатынасы үзілді, - деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.