Алматыда қарумен жүрген ер адам 15 тәулікке қамалды

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Алматыда қарумен жүрген ер адам 15 тәулікке қамалды
nerulife.ru
733

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бойынша іс қаралды, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта 26 наурыз күні «Л» кафесінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар А.-ның мылтық ұстап тұрғанын көргенін, А. мылтықты алып тастау туралы ұсынысқа жауап бермей, сондай-ақ, әдепсіз сөздер айтып, өзгелерге сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғаны анықталды.

«Сотта А. өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде істің мән-жайын ескеріп, А.-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тарту қажет деп тапты. Сот қаулысымен А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары