Қазақстанда ажырасудан қай өңір көш бастап тұр?

Ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,84-ті құрады.

Қазақстанда ажырасудан қай өңір көш бастап тұр?
Pixabay
890

Қазақстанда 2023 жылы 120,9 мың жұп некеге отырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6% - ға аз, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.  

Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш рекодтық төмен деңгейді көрсеткен. Соңғы рет 135 мыңнан астам жұп ресми некеге тұрған көпжылдық динамикадағы ең аз неке 2008 жылы тіркелді. Ол кезде Қазақстан халқының саны 16 млн-ға да жетпеген әрі ауыр дағдарысты басынан өткеріп жатқан болатын.

Қалаларда тіркелген неке саны өткен жылы 6,4% - ға, 80 мыңға дейін, ауылдарда - 5,1% - ға, 40,9 мыңға дейін қысқарған. Ажырасу саны да азайған. Былтыр 16,8 мың отбасы екі жаққа кетуді таңдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3% - ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 5,2% - ға, 12,4 мыңға дейін, ауылдарда - 5,5% - ға, 4,4 мың жұпқа дейін қысқарды.

Ең көп некеге отырғандар Алматы қаласында – 13,1 мың адам отау құрған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 4% - ға аз. Одан кейін Түркістан облысында – 11,8 мың неке, Астанада – 10,4 мың неке тіркелген. Ең аз 1,5 мың неке Ұлытау облысында тіркелді.

Алматы ажырасудан да алда тұр – былтыр 2,3 мың жұп ажырасқан. Бір жыл бұрынғы есепке қарағанда 2,1% - ға аз. Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы мен Астана қаласы тұр – екі өңірде де 1,5 мың жұптан ажырасқан.

Ең аз ажырасу Ұлытау облысында тіркелді. Мұнда 198 жұп екі жаққа кетуді ұйғарған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,46-дан 6,07-ге дейін қысқарды. Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада тіркелді – 1000 адамға шаққанда 7,46. Көшбасшылар үштігіне Ұлытау және Алматы облыстары да кірді. Ең төменгі көрсеткішті Түркістан облысы көрсетті.

Ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,84-ті құрады. Бір жыл бұрын ол 0,89 болған. Өңірлік бөліністе ажырасудың ең жоғары коэффициенттері Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында, ең азы Түркістан облысында тіркелді.

Сарапшылар елдегі ажырасудың негізгі себептері жас отбасының ісіне туыстарының араласуы (61%), моральдық шектеулердің болмауы (41%), оңай ажырасу процесі (25%) екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары