Жамбыл облысында өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Оқиға орнында 27 қызметкер және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Жамбыл облысында өрт кезінде 14 адам құтқарылды
ТЖМ

Жамбыл облысында өрт кезінде 14 адам құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жамбыл облысының Тараз қаласында 3-қабаттағы пәтердің балконы өртенген.

"Өрт аумағы 5 шаршы метрді шарпыды. Тілсіз дау 13:59 өрт жойылып, ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 14 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5 бала бары белгілі болды. Өрт оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған Жамбыл облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.  Оқиға орнында 27 қызметкер және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.