859
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Португалияда 9 медаль жеңіп алды
Жас татами шеберлері 1 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдеге ие болды.
Қазақстан жастар құрамасы Португалияның Анадия қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогінде 9 медаль жеңіп алды.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, аталған жарыста қазақстандық жас татами шеберлері 1 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдеге ие болды.
Атап айтқанда, Талғат Орынбасар (60 кг) чемпион атанса, Азат Күмісбай (81 кг), Нұржан Бисенов (90 кг), Дінасыл Тәттімбек (-100 кг) және Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) күміс жүлдемен марапатталды. Оған қоса Алдияр Қарғұлов (60 кг), Глеб Азаров (81 кг), Асқар Біржанов (90 кг) және Нұрайлым Сәрсенбек (52 кг) үздік үштікке кірді.
Еуропа кубогі қорытындысында Қазақстан жастар құрамасы жалпы медаль кестесінде 17 ел ішінде 5-орынға тұрақтады.