Microsoft-тың Қазақстан мен ТМД аумағындағы бас директоры ауысты

Microsoft-тың Қазақстан мен ТМД аумағындағы бас директоры ауысты

Microsoft-тың Қазақстан мен ТМД аумағындағы бас директоры ауысты
ашық дереккөзі
Microsoft-тың Қазақстан мен ТМД аумағындағы бас директоры болып Роналд Бинкофски тағайындалды. «Microsoft компаниясы 1 сәуірден бастап Роналд Бинкофскиді Қазақстандағы бас директоры және ТМД-дағы өңірлік кеңсесінің жетекшісі етіп бекітті. Ол соңғы бір жылда осы орында болған Константин Назаровтың орнына келіп отыр», — деп жазады компанияның баспасөз қызметі. Роналд Бинкофски 9 елдегі (Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Моңғолия, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан мен Өзбекстан) компанияның бизнесіне жауап береді. Осы уақытқа дейін 4 жыл бойы Роналд Бинкофски Польшадағы Microsoft кеңсесін басқарған. Ал оның алдында 2,5 жыл Румынияда осындай жұмыс істеген. Бинковский 10 жылдан бері осы компанияда жұмыс істеп келеді. Өз еңбек жолын ол SoftwareAG компаниясында Орталық және Шығыс Еуропадағы өңірлік менеджері ретінде бастаған. Оның алдында өз кәсібімен айналысқан. Роналд Бинкофски Краковтағы (Польша) Ягелон университетінде қолданбалы математика факультетін бітірген. Сонымен қатар, INSEAD бизнес мектебінде AdvancedManagement бағдарламасы мен Германияда орыс тілін меңгерген.