Роза Рымбаева көзіне ота жасатты

Бұл жайлы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында айтты

Роза Рымбаева көзіне ота жасатты
Stan.kz

Халық әртісі Роза Рымбаева көз жанарын жақсарту мақсатында отаның көмегіне жүгінді. Бұл жайлы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады turkystan.kz NUR.KZ  сайтына сілтеме жасап.

"Осы күннің басты жаңалығын жариялайтын уақыт жетті. Өздеріңіз білетіндей, көзілдірік тағып жүргеніме көптеген жыл болды. Біраз ыңғайсыздық туындап, зардап шеккенім де рас. Балаларым көз жанарын сеніп тапсырған клиниканың көмегіне мен де жүгінуді жөн көрдім. Катарактаға ота жасатқаныма қуаныштымын. Көздеріңізді уақытында емдеңіздер. Енді жаңа өмірге, жаңа маусымға, жаңа концерттік бағдарламаларға алаңдамай кірісе беруге де болады", – деп жазды Роза Рымбаева.