Алматыда жол апатынан бір адам көз жұмды

Жол апаты 21 наурыз күні сағат 20:00-де Әуезов ауданында болған.

Алматыда жол апатынан бір адам көз жұмды
Paryz.kz

Алматыда Саин көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды. Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 наурыз күні сағат 20:00-де Әуезов ауданында болған.

«Мерседес автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта, Ұлықбек көшесінің қиылысында келе жатып, рульге ие бола алмай, соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.