Алматыны абаттандыруға қосымша 2,2 млрд теңге бөлінеді

Алматыны абаттандыруға қосымша 2,2 млрд теңге бөлінеді

Алматыны абаттандыруға қосымша 2,2 млрд теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
Алматыда «Қолайлы қала» басымдығы аясында қаланы абаттандыруға қосымша 2,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл жөнінде VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясы барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов хабарлады, деп жазады strategy2050.kz. Спикер атап өткендей, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары 2017 жылға арналған анықталған бюджет жобасын ескертулерсіз келіскен, онда ТКШ және абаттандыруды дамытуға үлкен көңіл бөлінген. Оның айтуынша, «Қолайлы қала» басымдығы аясында қосымша 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр. Биыл «Медеу» саябағының аумағына қызмет көрсету үшін арнайы техника мен жабдық сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қалалық көшелердің тазалығын сақтау үшін арнайы техника сатып алуға және 2 өндірістік база құрылысының ЖСҚ әзірлеуге қаражат жұмсалмақ», — деді М. Қиқымов. Медеу ауданында өзен арналары мен жағалауларында, қосымша учаскелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. «Қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін анықтау және оларды жақсарту бойынша қажетті шаралар әзірлеу үшін алғаш рет қоғам өкілдерін, қалалық мәслихат депутаттарын және экология саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, зерттеулер жүргізуге 150 млн теңге қарастырылған», — деп қосты ол. М.Қиқымовтың айтуынша, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын дамыту аясында жылу желілерін қайта құруға қосымша 2,7 млрд теңге, 88 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге 876 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қаланың бес ауданында (Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу) 11 700-ге жуық абонент қамтыла отырып, 3,3 млрд теңгеге 73 км сумен жабдықтау және су тарту жүйелері салынып, қайта құрылмақ.