Қазақстан құрамасы Грекиядан оңбай ұтылды (ВИДЕО)

Ендігі кезекте қазақстандықтар Люксембургпен жолдастық матч өткізеді.

Қазақстан құрамасы Грекиядан оңбай ұтылды (ВИДЕО)
ҚФФ баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында сырт алаңда Грекия командасынан 5:0 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz. Осылайша қазақстандық футболшылар Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.

Грекия ұлттық құрамасы финалда Грузиямен Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салады. Ал Қазақстан құрамасы Грузиядан 0:2 есебімен ұтылған Люксембургпен жолдастық матч өткізеді.

Грекия - Қазақстан - 5:0(4:0)

Гол соққандар: Бакасетас, 9 - пенальтиден (1:0); Пелкас, 15 (2:0); Иоаннидис, 37 (3:0); Курбелис, 40 (4:0); Тапалов, 86 - өз қақпасына (5:0)

Грекия командасы: Влаходимос, Болдок, Мавропанос, Цимикас, Бакасетас, Курбелис, Мадалос, Хацидиакос, Масурас, Яннидис, Пелкас;

Қазақстан командасы: Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Қайыров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородов.