Павлодарда жер үй өртенді

Жалынды ауыздықтауға барлығы жеке құрамның 33 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Павлодарда жер үй өртенді
ТЖД баспасөз қызметінен
739

Павлодарда жеке тұрғын үй өртке оранды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

20 наурыз күні сағат 3:41-де Павлодар қаласындағы Больничный тұйық көшесі қиылысында орналасқан үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер  жіберілді. Онда мамандар кірпіштен салынған 4 бөлмелі жеке тұрғын үйдің ағаш шатыр құрылымдары жанып жатқанын, сонымен қатар үйге қоса салынған кірпіштен салынған от жағатын бөлменің ағаш едендері отқа оранғандығы анықталды. Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрады», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Құтқарушылардың күшімен жалын толықтай сағат 5:06-да сөндірілді. 

Тілсіз жаудың шығуына жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.

Жалынды ауыздықтауға барлығы жеке құрамның 33 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары