Ернар Айдар концертінде көзіне жас алды

Өнер иесі видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Ернар Айдар концертінде көзіне жас алды
stan.kz

Әнші Ернар Айдар концертінде өзімен суретке түспек болған тыңдарманының оқиғасын естіп, көзіне жас алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Видеодан Ернар Айдар өзімен суретке түсуге тырысқан тыңдарманының тілегін орындағанын көруге болады.

Nur.kz сайтының дерегінше, осыдан кейін әйел немересіне әншінің есімін қойғанын айтады.

«Немереме Ернар деп есім қойдым. Сіз сұхбатыңызды бастағанда, немерем дүниеге келді. Сізді қазір немереме көрсетіп жатырмын», – дейді әйел.

Ал әнші тыңдарманының ықыласына риза болып, оған алғыс айтты.

«Қандай керемет. Аман болыңыздар. Деніңіз сау болсын», – деп Ернар Айдар көзіне іркіліп қалған жасты сүртті.

Ал желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына таңғалып, жарыса пікір жазды.

«Апамның немересі сізге ұқсасын», «Қандай қарапайымсыз», «Халықпен бірге жүргенің қандай жақсы», – деп жазды желідегілер.