697
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері уақытша жұмыс істемейді
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 21-23 наурыз аралығында жұмыс істемейді, деп хабарлады turkystan.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 21-23 наурызда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.