Елордада қойма өртеніп кетті (ВИДЕО)

Алдын ала болжам бойынша жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыған.

Елордада қойма өртеніп кетті (ВИДЕО)
ТЖМ

Бүгін таңғы сағат 07-20-да Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамынан 65 астам адам және 15 техника жұмылдырылды.