Ақтөбеде 400 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтеріне сот үкімі шықты

Ұрлығы үшін ол 7 жылға сотталған.

Ақтөбеде 400 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтеріне сот үкімі шықты
Диапазон
1026

Ақтөбеде лудоман бухгалтер жұмыс істеген мектепте 8 жылға жуық уақыт мемлекеттік аудит бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген, деп хабарлады turkystan.kz Диапазон басылымына сілтеме жасап.

№55 мектептің бұрынғы бухгалтері 8 жылға жуық уақыт ішінде 413 миллион теңгены ұрлап,  құмар ойынға салып жібергені белгілі болды. Ұрлығы үшін ол 7 жылға сотталған.

Іс резонанс тудырды. Судья Әлиева бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлауға әкеп соқтырған себептерді анықтады.

2019-2023 жылдар аралығында №55 мектепте бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын мемлекеттік аудит анықтамаған. Сондай-ақ 8 жылға жуық мемлекеттік аудит бұл оқу орнында бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген.

Сот мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін шара қолдануды талап етіп, қаржы министрлігіне жеке қаулы шығарды.

Серіктес жаңалықтары