Мөлдір Жаңбырбай Түркиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Ол мерзімінен бұрын чемпион атанды

Мөлдір Жаңбырбай Түркиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Kazinform

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya турнирінде Мөлдір Жаңбырбай чемпион атанды (50 келі), деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform-ның мәліметінше, оның финалдағы қарсыласы - венесуэлалық Салазар Йоргелис жарақат алып, жарысқа шықпай қалған.

Сол себепті отандасымыз мерзімінен бұрын алтын жүлдегер болды.