Алматы облысында қойма өртенді

Зардап шеккендер жоқ

Алматы облысында қойма өртенді
Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында қойма өртенді, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында қойма өртеніп жатыр. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін көрші тұрғын үйге көшу қаупі бар майлықтар шығаратын цех пен қойманың жануы орын алғаны анықталды. Өрт сағат 11:01-де оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жеке құрамнан 60-қа жуық адам және 20-ға жуық техника жұмылдырылғаны айтылды. Өрттің алдын ала ауданы 1000 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.