684
Петропавлда саяжай өртеніп, бір адам көз жұмды
Оқиға бүгін, 15 наурызда Новопавловка кентінде болған.
Петропавлда саяжай өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 15 наурызда Новопавловка кентінде болған.
«Новопавловка кентінде саяжай үйінде өрт болды, салдарынан шатыры құлады. Өрт орнында 1968 жылы туған үй иесінің денесі табылды», – делінген хабарламада.
Сағат 12.17-де өрт оқшауланды, сағат 12.32-де жойылды.