Үндістанда мектеп төбесіне шыққан ата-аналар оқушылардың емтихан тапсыруына көмекпеспек болған

Әлдебіреу емтихан сұрақтарын түсіріп, емтихан өтіп жатқан мектептің артындағы көлік тұрағында күтіп тұрған ата-аналарға жіберген.

Үндістанда мектеп төбесіне шыққан ата-аналар оқушылардың емтихан тапсыруына көмекпеспек болған
www.odditycentral.com

Үндістанда мектеп төбесіне шыққан ата-аналар оқушылардың емтихан тапсыруына көмекпеспек болған, деп хабарлайды turkystan.kz Odditycentral-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Үндістанның Харьяна штатында 10-сынып оқушыларының ата-аналары мен туыстарының мектептің төбесіне шығып алған сәті таспаланған видео кеңінен таралды.

Көпшілік оқушылардың ата-аналары емтихан жауаптарын көшіріп беруге көмектесті деген шағым айтуда. Алайда мектеп өкілдері ешкім көшіріп бермегенін, ата-аналардың өз балаларына көмектескісі келгенін айтады.

Белгілі болғандай, әлдебіреу емтихан сұрақтарын түсіріп, емтихан өтіп жатқан мектептің артындағы көлік тұрағында күтіп тұрған ата-аналарға жіберген. Сосын олар қабырғаларға «өрмелеп» шығып, мектептің төбесіне шыққан.