Алматы тауларындағы қар көшкіні қаупі: ТЖД ескерту жасады

14-18 наурыз күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Т

Алматы тауларындағы қар көшкіні қаупі: ТЖД ескерту жасады
Қар көшкіні. Фото: pixabay

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, Алматы облысының тауларында 14-18 наурыз күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.