Түркістан облысында балалар операцияға супермэн кейпінде кіруде

Бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізіп,оң нәтиже беруде.

Түркістан облысында балалар операцияға супермэн кейпінде кіруде
otyrar.kz

Түркістан облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары ота залына балаларды ерекше әдіспен кіргізуде, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Кішкентай пациенттердің ота алдында қорқыныш сезімін болдырмау үшін «сен қаһарман батыр боласын» деп белгілі мультфильмның кейіпкері Бэтмэнның киімін кигізіп, аналары ота залына өздері ертіп кіргізуде.

Бұл әдісті облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері University Medical Center-де операция ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық Симпозиумына қатысып, жақсы тәжірибе жинақтап, іс-жүзінде өз жұмыстарына енгізді.

Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген балғындар операцияға көтеріңкі көңіл күймен кіруде.

Айта кетейік, бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізіп,оң нәтиже беруде.