Атырау облысында автобус жанып кетті

Өртті өшіруге 7 адам мен 2 техника жұмылдырылды.

Атырау облысында автобус жанып кетті
caspianlife.kz

Атырау облысы Мақат ауданында автобус жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының мәліметінше, автобус 11 наурыз күні кешкі сағат 20:00-де Мақат ауданының орталығында отқа оранды.

«Атырау-Мақат бағытындағы жолаушылар автобусы жанып кеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Кешкі 20 сағат 39 минутта өрт сөндіріліп, 13 минуттан соң толық ауыздықталды», – делінген хабарламада.

Өртті өшіруге 7 адам мен 2 техника жұмылдырылды.