Әнші Артур Давлетьяровтың екінші сәбиі дүниеге келді

Артур Давлетьяровтың жары оған қыз сыйлаған.

Әнші Артур Давлетьяровтың екінші сәбиі дүниеге келді
nur.kz

Эстрада жұлдызы қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, қызды болғанын ресми түрде жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші Артур Давлетьяровтың отбасында қуанышты жағдай болды. Өнер иесінің жанұясы тағы бір перзентпен толықты. Артур Давлетьяровтың жары оған қыз бала сыйлаған.

«Рамазан айын Меккеде бастадым. Ертең еліме қайтамын. Әйеліме, отбасыма барамын. Мен ұшақта отырғанда, әйелім екінші қызымды босанды», – деді жазды Артур Давлетьяров Instagram-дағы парақшасында.