Тараз қаласында қойма өртенді

Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Тараз қаласында қойма өртенді
ТЖМ

Тараз қаласында, Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында қойма өртке оранды.

Мәлім болғандай, базардың аумағында 350 шаршы метр алаңда қоймада өрт тұтанған. Себебі анықталып жатыр.  

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын сағат 10.05-те өрт оқшауланды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды.