Атырауда көпір үстінде жол апаты болып, 4 адам көз жұмды

Қазір полиция қызметкерлері тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр

Атырауда көпір үстінде жол апаты болып, 4 адам көз жұмды
Ашық дереккөз

Атырау қаласында көпірдің үстінде екі көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz Атырау қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Жол апатының бүгін сағат 01:40 шамасында болғаны анықталды. 

Атырау қаласындағы Жайық өзенінің қос жағалауын жалғайтын көпірдің үстінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada Granta автокөлігінің рөлінде болған 1998 жылғы жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бір жолаушы жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. 

Қазір полиция қызметкерлері тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр. Жол апатының себебі анықталады.