Шығыс Қазақстанда 20 тонна астық салынған элеватор өртенді

Элеватордың кептіргіші отқа оранды.

Шығыс Қазақстанда 20 тонна астық салынған элеватор өртенді
ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна астық салынған элеватор өртенді, деп хабарлады, turkystan.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 8 наурызда Глубокое ауданы Предгорное ауылында шыққан. 

Элеватордың кептіргіші отқа оранды. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған.

«Қазіргі уақытта қызыл жалынмен күрес жалғасуда. Сол жерге департаменттен барлығы 32 адам және 9 техника, «Васкен» ЖШС-ның 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ қосымша көмек ретінде өрт сөндіру пойызы да жолға шықты», - делінген ақпаратта.